ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Өрттен сақтаныңыздар!

13:30, 14 мамыр 2019

Өткен демалыс күндері облыс орталығының төрт тұрғыны өрт қауіпсіздігін сақтамай, от жаққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Өскемен қалалық ТЖБ. Тілсіз жаудан сақтану туралы ескерту жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар, өрт бөлімі және полиция қаланың жеке секторын аралап шықты. Саяжай тұрғындарының өрт қауіпсіздігіне жауапсыз қарауы салдарынан орны толмас оқиғалар орын алып отыр. ТЖБ мамандарының айтуынша, жыл сайын құрғақ шөпті өртегенде, жұрт өрттен сақтану ережелеріне мән бермейді. Рейд «Титан», «Эталон», «Колос», «Восточник-6», «Металлург-3» «Восточник-5» саяжайларында жүргізілді. Желді күні нысандарға тым жақын жерде от жаққан төрт адам тәртіп бұзушы деп танылды. Иесіз саяжай учаскелері де айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұған алаңдаушылық білдірген құтқарушылар бұл мәселені жергілікті атқару органдарына шешуді тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:00, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
20:00, 20 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...