ШҰҒЫЛ! Менторлық семинар Толығырақ

Өрттен сақтану айлығы

14:03, 12 қыркүйек 2019

Өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары айлығына байланысты Өскемен мектептерінде балаларды эвакуациялау оқу-жаттығулары жүріп жатыр. Өткен екі апта аралығында 10 білім ошағының төтенше жағдайларға әзірлігі тексерілді. Міне, осындай жаттығулар оқушыларды төтенше жағдайда аман-есен қалуына машықтандырады. Мектепте өрт шықса, бірден жедел қимылға көшу, қосалқы есіктен сыртқа шығу сияқты алдын ала қарастырылған орындарды білуі тиіс. Санаулы минуттарда эвакуациялануы керек. Өрт қауіпсіздігі шараларына арналған айлықтың басты мақсаты -  оқушылармен қатар мұғалімдерді де дұрыс әрекет жасауға үйрету. Дер кезінде жүргізілген айлық қайсыбір мекемелердегі кемшіліктерді анықтап, жоюға мүмкіндік береді дейді құтқарушылар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар