ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІК

17:32, 7 қараша 2018

Көппәтерлі үйлердің тұрғындары өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың туындауына өздері кінәлі. Бұл туралы рейдке шыққан төтенше жағдай басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімі қызметкерлері айтты. Бұл жолы өрт сөндірушілер Красин 1 мекен-жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйге барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Үйдің әрбір қабатында қоқыс, өрт қаупі бар тұрмыстық қалдықтар жиналған. Мамандардың айтуынша, бұл өрт қауіпсіздігін бұзу фактісі. Өрт қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтын тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды, апта ішінде жиналып қалатын қоқысты сыртқа шығарып, дәліздерін жуып-жинап жүреді. Дегенмен, көршілердің кейбірі қоқысқа толған қаптарды далаға лақтыруға ерінеді. Өрт сөндірушілер әрбір пәтерге кіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өрт шықса, қайда хабарласу керектігін айтып, эвакуациялау кезінде сақталуы тиіс ережелерді еске салды. Мамандардың айтуынша, көпқабатты үйлерде өртке қарсы шараларды өткізу -әрбір тұрғынның міндеті ғана емес, өмірлік қажеттілік.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар