Өртенген үйден 28 адам эвакуацияланды

21:58, 16 ақпан 2017

Жалын бүгін 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде тұтанған.

Облыс орталығындағы Орджоникидзе көшесі бойында шыққан өрттен 28 адам эвакуацияланды. Жалын бүгін 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде тұтанған. Қырағы тұрғындар түтіннің иісін сезіп, бірден өрт сөндірушілерге қоңырау шалады. Құтқару тобы 16 адам, оның ішінде 3 балаға көмек көрсетті. Барлық тұрғын арнайы тыныс алу жүйесін қорғайтын құрылғылармен қамтамасыз етілді. 12 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Кейбір тұрғынға дәрігерлік көмек қажет болды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар