ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ

13:38, 14 қаңтар 2021

Семейдегі орталық саябақ ашылды. Бірақ, ресми түрде емес. Себебі, демалыс орнындағы күрделі жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Жауапты бөлім жетекшісінің айтуынша, саябақта әзірге тұрғындардың серуендеп, сырғанақ тебуіне мүмкіндік бар. Орталық саябақтағы күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылдың күзінде басталған. Бастапқыда демалыс орнындағы жұмыстар 1 жылда аяқталады деп жоспарланған. бірақ, олай болмай шықты. Бір қызығы, 1 жылдан астам уақыт жабық тұрған демалыс орны таяуда аяқ астынан ашылған. Бірақ, жөндеу жұмыстарының әлі аяқталмағаны көрініп тұр. Тұрғындар саябақтағы жұмыстардың сапалы орындалып, тезірек ашылғанын қалайды. Жауапты бөлім мамандарының келтіргеніндей, саябақты жөндеу жұмыстары үшін 1 млрд.теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Жаңа кейіпке енеді деген демалыс орны бүгінде қалалық ТҮКШ бөлімінің теңгеріміне берілген.   Амантай Өтелбаевтың атап өткеніндей, саябақ тұрғындардың қысқы демалысы үшін уақытша ашылған. Түсірілім барысында байқағанымыз, мұнда қардан сырғанақ жасалып, мұздан түрлі мүсіндер орнатылған. Саябақтағы жөндеу жұмыстары жаз мезгілінде жалғасатын болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...