ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

10:51, 17 мамыр 2018

Өңірде тоқсан жеті сауда объектісінің өрт қауіпсіздігі тексерілді. Төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, ойын-сауық орталықтары мен базарлардың барлығында дерлік қауіпсіздік ережелерінің бұзылғаны анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 89 адам тартылып, 1 млн.97 мың теңге айыппұл салынды.

Рейд барысында 77 ойын-сауық орталығы мен  20 базар тексеріліп, 1479 заң бұзушылық  фактілері тіркелді. Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі жүйесіндегі ақауларды еш қиындықсыз, тез жоюға болады дейді.  Білім ошақтары да назардан тыс қалмады. Нақтырақ айтсақ, 111 жеке меншік балабақшаның 63  тексеріліп, 518-інде  құқық бұзушылық бары мәлім болды. 57 адамға  1 млн.70  мың теңгенің айыппұлы салынды.

РИНАТ ҚОНДЫБАЕВ, ШҚО ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзу фактілері жиі кездеседі. Бұл эвакуациялық жолдарды бөгеу,  сауда орындарындағы павильондардың бір-біріне  жақын орналасуы, өрт қауіпсіздігінің сақталмауы.  Сонымен қатар, халықтың сыртқа шығуына арналған эвакуациялық есіктер құлыпталған немесе есікті ішкі жағынан кілтсіз ашуға болатындай арнайы құрылғылармен жабдықталмаған».

Ескерту жасалған бизнес өкілдері заң бұзушылықтарды  қысқа уақыт ішінде жоюға уәде берді. Себебі, екі айдан соң төтенше жағдай басқармасы тағы да рейд жүргізбек. Өрт қауіпсіздігіне қатысты шаралар маусымы басталды. Күн жылынғалы Зайсан ауданында дала өртенді. Саяжай учаскелерінде 63 өрт тұтану фактісі тіркелді.

 

 

ОКСАНА ЧЕРТКОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар