ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

17:26, 19 қараша 2020

2020 жылғы  өрт қауіпсіздігі кезеңінің қорытындысы шықты. Биыл облыс аумағында бір мезгілде 513 жер отқа оранған. 4290 гектар аумақта 7 дала өрті болды. Сондай-ақ, өрт маусымы басталғаннан бері барлығы 217 орман өрті тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50% көп. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары өрт шығуының негізгі себебі ауылшаруашылығы жерлерінде құрғақ шөптерді жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы дейді. Келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында  жанып кету қаупі бар делінген орманды алқаптар мен елдімекендер маңына минералды жолақтар орнатылды. Мұндай алдын алу жұмыстарына жергілікті жердегі азаматтық қорғаныс күштері, полицейлер мен орман шаруашылығы қызметкерлері тартылды. 432 адамнан тұратын арнайы мобильді топ құрылды. Мобильді топтар жедел әрекет етіп, алдын алу жұмыстарын жүргізді. Осылайша кешенді шараларды  уақытылы жүргізіп,  тұрғындарға ақпараттық түсініктеме өткізудің арқасында жақсы нәтижеге қол жетті. 

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...