ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Онлайн-казино басшысы жауапқа тартылды

14:19, 6 тамыз 2019

 «Ойын авоматтары жойылсын!» Облыста осы бағытта  Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері тарапынан кең ауқымда жұмыстар атқарылуда. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Өскеменде лотерея ұтысы ретінде жұмыс істеп келген онлайн-казино анықталып, көлеңкелі іспен айналысқандар жұмысын тоқтатты. Толығырақ келесі сюжетте.Бұрыннан құмар ойындарынан пайда тауып үйренген Қапшағай қаласының бір азаматы 2018-жылдың желтоқсан айынан бастап Өскемендегі ойын-сауық кешендерінің бірінде  бөлме жалдап, заңсыз ойын мекемесіне айналдырған. Қазіргі уақытта заңсыз әрекет еткен азаматқа қатысты сот үкімі шығып, жауапкершілікке тартылды. Жалпы, облыстық экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері тарапынан қала ішіндегі ойын автоматтары орнатылуы мүмкін делінген дүкен, сауда үйлері, кафе-барлар мен басқа да нысандарға рейд өткізіліп, жіті тексерілуде. Ескертпе қағаздар таратылуда. Соңғы бір ай ішінде бұндай 250 нысан іші қаралды.Қазақстанда  тек екі жерде ғана -  Щучье-Бурабай курорттық зонасы мен Қапшағай суқоймасының оң жағалауында ойын мекемелерінің болуына рұқсат етілген. Электронды казино мен интернет-казино жұмысы да заңсыз. Соңғы жылдары облыс бойынша 30 ойын мекемелері жабылып, 22 іс сотта қаралған. Кінәлі деп танылғандар заң бойынша жауапкершілікке тартылды. 200-ге жуық ойын аппараттары мен 20 милион теңге көлеміндегі қаражат тәркіленді.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар