ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Өңірлік актив отырысы өтті

14:06, 5 қыркүйек 2019

Облыс әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті Жолдауын өңір активтерімен талқылады. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері, кәсіпкерлер және облыстық басқарма басшылары қатысты. Толығырақ тілшіміз баяндайды. Өңірлік актив отырысында биылғы Жолдау мен облыста жүргізіліп жатқан бағдарламалар сабақтастығы, мемлекет басшысының  жаңа тапсырмалары талқыланды. Әсіресе, шағын және орта бизнесті салықтан 3 жылға босатып, тексеру жұмыстарына мораторий жарияланғаны кәсіпкерлерге үлкен қолдау болмақ. Бүгінгі таңда көпбалалы аналарға жәрдем ретінде мемлекеттік қолдаумен бизнес ашу мүмкіндігі қарастырылған. Жолдау көптеген жанұяға жаңа серпін берді. Президенттің 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауы Елбасының «Жастар жылымен» сабақтастық тапты. Қазақстанда мұндай қозғалыс тек соңғы жылдары белсенді дамып келеді. Мемлекеттік, қоғамдық бастама болсын қайратты жастардың ерік білдіруі алдыңғы буын үмітін ақтағаны. Өңір басшысы Даниал Ахметов келер жылы еріктілер санын ұлғайту керек деген міндет қойды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...