ШҰҒЫЛ! Салыққа салғырт қарамаңыз Толығырақ

Өңірдің өрен спортшылары

14:12, 8 тамыз 2019

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын сақтау мен қорғау бойынша жұмыстар қарқынды жүзеге асырылуда. Осыған орай мүмкіндігі шектеулі жандар өңірдің спорт саласына да  белсенді араласып келеді. Алена Кутявина мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының мүшесі. Теннис спортымен 3 жыл бұрын айналыса бастады. Ауыр жол апатына түспес бұрын ол шаңғы және сноуборд спортымен белсенді түрде айналысатын. Тағдырын өзгерткен оқиғадан бері 10 жылдай уақыт өтті. Өжет қыз өз дегенінен қайтпауға бел байлаған. Олег Кушкунов 2017 жылдың қараша айынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубына жаттықтырушы қызметіне тағайындалады.  Сол уақыттан бері спортшыларды жігерлендіріп, жаттықтырып, биік белестерді бағындыруға көмектеседі.Адам баласы басына қандай іс түссе де, өн бойына күресу жазылғаны анық. Спортшылардың мүмкіндіктері әртүрлі болса да, кез-келген қиындыққа қарамастан өз мінберлеріне жетуге талпынады және жетеді. Клуб мүшелері қатарында 3 Спорт шебері, сонымен қатар спартакиада жүлдегерлері бар. Олардың жетер жетістіктері әлі де алда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар