ШҰҒЫЛ! КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

13:24, 11 шілде 2018

162 млрд. 8 млн. теңге. Бұл облыс экономикасына 4 ай ішінде тартылған инвестиция. Облыстық кеңесте аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланды. Ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ емес, бар. Құрылыс саласында 173 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді, яғни өсім - 117 %. Барлық аудандарда емес, әрине. Құрылыс жұмыстары кейбір аудан, қалаларда бәсеңдеген. Атап айтсақ, Риддерде, Абай, Глубокое, Зайсан, Ұлан аудандарында. Бизнеспен айналысам деген азаматтар саны көбейген. 86 мыңнан асып жығылады. Өсім Бесқарағай мен Бородулихадан өзге барлық қала-аудандарында байқалады. Білім беру саласында ілгерілеушілік бар. 3-6 жас аралығындағы балғындардың 100%, ал 1-6 жастағы балалардың 86,3% балабақшамен қамтылған. Денсаулық сақтау ісінде онкологиялық, туберкулез ауруларынан өлім-жітім төмендегенімен, бала өлімі 1,3 есе көбейген.

СӘУЛЕ ҰЛАҚОВА, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М. А.:

«Бала өлімі туралы статистикаға сүйенетін болсақ, өсім кейбір аудандарда байқалады. Атап айтсақ, шақалақтардың өлімі Ұлан, Глубокое, Аягөз және Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласында тіркелген.   Семей қаласында екі ана қайтыс болды». 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар