Өңірде тауарлы балық өсірілуде

Балық өсіру - нағыз табыс көзі. Елімізге балық өнімдері 50-ге жуық мемлекеттен келеді. Негiзгi өнім жеткiзушi елдер - Ресей, Норвегия және Қытай.

21:01, 9 тамыз 2017   144

Балық өнімдерінің импорты жылдан-жылға өсіп келе жатқаны нарықтың болашағы зор екенін айқындайды. Сондықтан да тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын дамыту жан-жақты қолға алынуда. Арнайы мамандар келіп, жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе балық өсірудің жаңа технологиялармен бөлісіп жатыр.

Мына инкубациялық цехта уылдырықтардан шабақтар пайда болады. Түркия елінің  үздік тәжірибесі негізінде балық өсіруді қолға алған өскемендік  Вячеслав Асанов бүгін өзге шаруашылық иелерімен білімімен бөлісуде. Оның айтуынша, шаруашылықты жүргізуде қиыншылықтар да жоқ емес. «Шабақтар бейімделу уақытында аса күтімді талап етеді» дейді.  
Бүгінде шетел аспай-ақ, тауарлы балық өсірудің жаңа технологияларын семинар барысында білуге болады. Білікті мамандардан құрылған топ Қазақстанның өңірлерін аралауда. Шығыс Қазақстанға келген сарапшылар теориялық біліммен қатар, тәжірибелерімен де бөлісіп жатыр.
Семинарға табиғи ресурстар  және табиғат пайдалануды реттеу  басқарма мамандары, өңірдің түкпір-түкпірінен шаруашылық басшылары қатысуда. Солардың бірі -жармалық кәсіпкер  Мұстафа Кәрімжанов алған мағлұматтарды өз пайдасына жаратпақ.
Облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе өткізіліп жатқан  семинар 4 күнге жалғасады. Мамандардың пайымынша, тауарлы балық өсірудің технологияларын жан-жақты түсіндіру өңірлік кәсіпкерлерге жаңа дем береді.  

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24