ШҰҒЫЛ! Менторлық семинар Толығырақ

Оңалту шаралары өтті

14:41, 11 шілде 2019

Нұр-Сұлтан мен Өскемен қаласының көру қабілеті нашар балалар емдеу шараларын өткізетін ипподромға барды. Арнайы жасақталған жазық алаңда оларға аттар таныстырылып, шағын иппотерапия емдеу шарасы өткізілді. Толығырақ әріптестеріміздің сюжетінде.  «Discover the World» жобасының мамандандырылған тобында оқитын балалар жазғы демалысты өз құрдастарымен бірге өткізді. Жоба көру қабілеті төмен балаларды сауықтырудың аясын кеңейтіп, «көзі көрмейтін баланың іс-әрекеті шектеулі» деген қоғамдық түсінікті өзгертуге бағытталған. Іс-шара ұйымдастырушылары бойдағы күш-жігерің мен ештеңеге мойымайтын мінезің болса, бәрі де мүмкін екеніне сенімді.Балалармен және жергілікті мұғалімдермен жұмыс істеу үшін ұйымдастырушылар тифлопедагогика бойынша үздік  ресейлік мамандарды шақырды.  Медицина мамандарының  айтуынша, иппотерапия ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін өте пайдалы үрдіс. Ал көзі көрмейтін балалармен жұмыс істеу арнайы дайындықтан өтуді қажет етеді.Бас жаттықтырушы Елена Черникова ерекше күтімді қажет ететін балалармен 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Ол иппотерапияның  бала ағзасына оң әсер беретініне сенімді. Алдымен, бала төрт аяқты жануарға үйренуі үшін манежді ұстатады. Одан кейін ғана ат үстіне отырғызып, иппотерапияны бастайды.Бұл емдеу тәсілінің өзіндік ерекшелігі мұнда дәрі-дәрмектер мен ине шаншу қолданылмайды. Балалар болса, бой жазып, атқа отыруға келдік деп ойлайды. Мұндай сабақтар оларды өз бетімен жүріп-тұруға және өзгелермен оңай қарым-қатынас орнатуға үйретеді.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар