ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Оңалту шаралары

17:04, 5 маусым 2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа жолдауында ерекше күтімді қажет ететін жандардың мүмкіндігін арттыру керектігін нықтап айтты. Бүгінде осы санаттағы азаматтардың еңбекке қабілеттілігін жақсарту, ауруларының асқынуының алдын-алуы, қоғамдағы өмірге бейімделуі үшін барлық жағдай жасалуда. Өскеменде 2016 жылы ашылған  оңалту орталығы осы мақсатта жұмыс істеуде. Бұл орталықта ем қабылдайтындардың жас ерекшелігі әртүрлі. Бақтыбай Уалихановқа денсаулығына байланысты бірнеше рет ота жасалған. Өздігінен қимылдаудан қалған азамат арбаға танылып, осы жердегі дәрігерлердің ем-домынан кейін жағдайы сәл болса да жақсарған. Орталықтағы оңалту бөлімшесінде стационарлы жағдайда ем қабылдап жатқан науқастардың саны көп. Олар, шұғыл және жоспарлы нейрохирургия, инсульт, жүйке жүйесі бөлімдерінен келіп түскен науқастар. Оңалту бөлімшесі түрлі жаттығуларды жасауға арналған тренажерлармен қамтылған. Көп жағдайда мүгедек жандарды аяғынан тік тұрғызу үшін оларға оңалту шараларымен қатар қозғалыс жаттығулары да маңызды. Бүгінде дәрігерлер науқастарды түрлі дәрі-дәрмекпен ғана емес, дене шынықтыру арқылы да емдейді. Өмір сүру сапасын жақсарту, өзін толыққанды азамат сезіну, оларды сауықтыру арқылы қоғамға бейімдеу – қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар