ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ӨМІР СҮРУ САПАСЫ

15:46, 6 желтоқсан 2018

Өмір сапасын жақсарту мақсатында елімізде бірқатар оңды іс-шаралар орындалып келеді. Жыл сайын 18 жасқа дейінгі балалар профилактикалық медициналық байқаудан, ал белгіленген жас аралығындағы азаматтар скринингтік тексерілуден өткізіледі. Осындай дәрігерлік жіті бақылауда небір ауру түрлері ертерек анықталады. Сол сияқты тіс ауруларының да кеңінен тарағаны бар. Тақырыпты тілшілер сюжеті жалғастырады. Экологиялық ахуал - әлемдегі маңызды мәселе қатарында. Қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына, соның ішінде тісіне де зиянды әсерін тигізеді. Халық арасында жиі кездесетіні – тісжегі, яғни, кариес. Жас талғамайды. Ауру тістің салдарынан айықпас дертке шалдығу мысалдары да аз тіркелмейді. Дастархан басынан тұрған соң, әркім күніне 3 рет тісін ысқылап, ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан тазартуы тиіс. Ауыз қуысында үнемі бактериялар жүреді. Бұл – бала жастан белгілі ереже. Осыған әдеттенген адам аурудың алдын алады. Егер тіске әсерін тигізетін факторларды біле жүрсе, онда сырқат санын төмендетуге әбден болады дейді дәрігер кеңесі. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, тісжегі ауруының себептері тамақтану мәдениетінің дұрыс сақталмауынан. Қантты мөлшерден тыс қолдану, ұннан жасалған тәтті тағамдарға әуестіктің соңы жақсы емес. Сондықтан шикі жеміс пен көкөністің тіс үшін орны бөлек. Өйткені, шайнап, жегенде тістің өзіндік тазалану процесі жүреді. Қазіргі статистика жылдан жылға кариеспен ауыратын адам легі артып отырғанын айтады. Сондықтан әркімнің денсаулығы – өз қолында қағидасын естен шығармаған игі.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар