ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Оқыс оқиға

14:19, 3 маусым 2020

Аптап ыстық басталғалы тұрғындар бөлмені желдету мақсатында  терезелерді жиі ашық қалдыруда. Сонымен қатар уақыттарының басым көпшілігін қала маңындағы су қоймаларында өткізеді. Ал мамандар күн сәулесінің адам денсаулығы үшін пайдасы мол екенін алға тартады. Себебі, көптеген вирусты аурулардың алдын алуға көмектеседі. Дегенмен, ашық терезе мен жағажайда ата-аналар өз балаларын қараусыз қалдырмағаны абзал.Құтқарушылардың алдын алу  шараларына қарамастан, қайғылы оқиғалар саны күн санап артуда. Жаздың алғашқы екі күнінде екі жазатайым оқиға тіркелді. Бірі терезеден құласа, енді бірі судағы қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Суға шомылу маусымында өңір құтқарушылары демалыс орындары мен  рұқсат етілмеген жағажайларда рейдтерді күшейтті. Алайда, демалушылар қауіпсіздің ережелеріне аса мән бермеуде. Бұдан бөдек мамандар жаз мезгілінде 1-5 жас аралығындағы балалардың терезеден құлап кету фактілері көбейетіндігін айтады.                                                              

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар