ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Оқыс оқиға

13:40, 20 мамыр 2020

Бірнеше күн бұрын Семей қаласында оқыс оқиға орын алған еді.  «Семей су арнасы» мекемесі қазір жазатайым жайтқа байланысты тексерілуде. Мекеме жұмысшыларының бірі кәріз құдығын жөндеу барысында мерт болса, екеуі зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген болатын. Салдары адам өліміне әкелген оқиға 16 мамыр күні орын алған. Сағат 13.41-де ТЖ Басқармасы диспетчерінің пультіне Краевая көшесіндегі «Семей су арнасына» тиесілі өндірістік кооператив аумағында 3 жұмысшының естерінен танып қалғаны туралы қоңырау түседі. Кейін анықталғандай, кәсіпорынның үш жұмысшысы слесарлық жұмыстарды жүргізуге құдыққа түскен. Сол кезде күкіртсутектің бір мезетте ағып кетуі орын алып, жұмысшылар естерінен танып қалған. Кәсіпорын қызметкерлерінің сөзінше, жөндеу жұмыстары апатты жағдайдағы дюкерді қайта құру бойынша жобаны іске асыру шеңберінде жүргізілген. Слесарлық жұмыстар кезінде кәріз жүйесіндегі қалдықтардың ағуы орын алған. Мерт болған жұмысшы – 1990 жылғы, мекемеде 10 жылға жуық уақыт жұмыс істеген. Артында отбасы мен екі жасар баласы қалды. Бұл оқиғағат байланысты мекеме ішілік комиссия құрылған. Арнайы комиссия тексеру жүргізеді. Соңғы қорытындыны облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы шығаратын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар