ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Оқырманы көп ауыл

15:00, 6 қыркүйек 2019

 «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры», «Ауылым-алтын бесігім» сияқты патриоттық сезімді оятатын бағдарламалар аясында түкпірдегі ауылда  оңды  істер бар. Іргетасы ертеректе қаланған мәдениет үйі жанындағы кітапхана өмір көшінен қалған емес. Оқырманы әжептәуір, өйткені, бұ жақта Интернет желісі тартылмаған. Енді, құрметті көрермендер, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округіндегі мәдени қызмет жайлы сюжетке назар салалық. Жаңаауылдағы мәдениет Үйінің бір бүйіріндегі руханият орталығы елдің басылымнан нәр алып, тынығатын орны. Соңғы 30 жыл аралығында пайда болған газет-журналдар, Қазақстанның және әлемнің өсіп-өркендеуі жайлы көздің жауын алар дүниелерге толы. 7370 кітап қоры бар.  Сұраныс жоғары болғандықтан, сөрелер жыл сайын жаңарып, толықтырылады. Тізімдегі 600 оқырманның 148-і - оқушылар. Бұл, әрине, қуанарлық жайт, телерадио хабарларымен бірге кітапхана қызметін әркім талғамына сай пайдаланады деген сөз. Жаңаауыл – үлкен округ орталығы. Әлеуметтік-экономикалық жағынан аудан бойынша дамуы жақсы, әсіресе мал шаруашылығы алда тұр. Кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар саны өскен. Ал мәдениеті, өнері, спорты ежелден ел аузында. Мемлекеттік тапсырмалар орындалысы кітапханада жүргізілген жоспарлы жұмыс нәтижесінен байқалады. Шалғайдағы жұрттың білім бұлағынан сусындауына барлық жағдай жасалған. Дәстүрге айналған кітап құдіретін арттырар бағыттан айнымай келеді. Халық шығармашылығын өркендетуде жаңаауылдықтар еңбегі ерен екені баршаға аян. Мұндағы театр, оркестр жергілікті өнерпаздардан құралған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...