ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ ГРАНТТАРЫ

14:32, 11 қаңтар 2019

Облыстың алтыншы сынып оқушылары Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсу конкурсын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - "Өркен" білім беру грантына ие бола алады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына сәйкес мектепте үш тілді білім беру жүйесі енгізілгені белгілі. Оқушылар пәндерді үш тілде оқиды. Сонымен қатар, оныншы сыныптан кейін балалар таңдау бойынша қытай және неміс тілін үйренеді. Мұғалімдер "қорқудың қажеті жоқ, балаға оқу қиын болмайды" деп сендіреді. Грант алуға ниет білдірген оқушылар сынақ тестілеуін тапсырады. Олардың нәтижелері түсімге әсер етпейді. Байқаудан бақылау тестілеуін жақсы тапсырған жандар ғана өтеді. "Өркен" білім беру гранты тегін оқулықтарға, мектеп және спорт формасына, тегін үш мезгіл тамақтануға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басқа қала, ауданнан келген оқушылар жатақханада тегін тұрады және үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге балалар шетелге халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға тегін барып, қатыса алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар