ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Оқу-жаттығу шаралары

13:35, 26 наурыз 2020

Облыс басшысы Даниал Ахметов өңір түгелімен карантинға жабыла қалған жағдайда, құзырлы орындар оқшаулау кезеңіне қаншалықты дайын екендігін жіті тексерді. Оқу-жаттығу жұмыстарына полиция, денсаулық сақтау қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық сала мамандары, әскерилер қатысты.

Оқу-жаттығу барысында «Дабыл» сигналы бойынша дереу іске көшкен жедел қызмет ету тобы Өскемен мен Семей қалаларына кіреберіс жолдарға тосқауыл қойды. Аймақ басшысының айтуынша, мұндай  шара жауапты орындардың  алдын ала дайындығы қандай дәрежеде екенін көрсетеді. Не істеу керек, не қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. Осыны ескерткен облыс басшысы қоғамдық денсаулық пен тәртіпке жауапты мамандармен бірлесіп, сақтық шаралары жан-жақты қарастырылып жатқанын айтты. Облыс әкімі Даниал Ахметов кез келген жағдайға дайын болуымыз керек деді. Әсіресе,  қауіпті індет анықтала қалған жағдайда, вирус басқа қалалар мен ауылдарға тарап кетпеуі үшін тұрғындарды оқшаулау кезінде іске асатын іс-шаралар алгоритмі құралуы тиіс. Сонымен қатар, Өскемен мен Семей полиция басқармасы қызметкерлерінің дайындығы бөлек бір әкімшілік ғимаратта тексерілді. Әсіресе, толық карантин режимі енгізілген жағдайда,  әр азаматтың өту қағазын электронды база арқылы планшетпен тексеретін  патрульді полиция жұмысы қадағаланды. Оқу-жаттығу жұмыстары аяқталып біткен соң, Өскемен мен Семей қалаларына кіреберіс жолдағы тосқауылдар алынды. Оқу-жаттығу жұмыстары  мейлінше сенімді түрде өтті.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...