ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

ОҚУ ПОЛИГОНЫ АШЫЛДЫ

19:45, 7 тамыз 2020

Аймақ криминалисттері заманауи оқу полигонында біліктілігін арттыруда. Семей қалалық полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің базасында жас қызметкерлерді қылмыстың жеке түрлерін тергеудің әдіс-тәсілдерін оқытуға арналған тергеу-криминалистикалық оқу полигоны ашылды. Бұл ең әуелі мамандардың біліктілігін арттырып, қылмыстың бетін ашуда септігін тигізеді,- дейді тәжріибелі полицейлер.

Криминалистика – үнемі кәсіби біліктілікті арттыруды талап ететін ғылым. Сол себепті сала мамандарының кәсіби қарымын жетілдіру мақсатында оқу полигоны ашылды. Семей қаласындағы мына тергеу-криминалистикалық оқу орны барынша шынайы жасалған. Пәтер, дүкен, көлік құралдары бар көшелерде орын алатын өмірлік жағдаяттар барынша сипатталған. Нысан қажетті жиһаздар, манекендер және декорациялармен жабдықталған.

Криминалистикалық палигондағы оқу-жаттығулар жас мамандардың білімі мен біліктілігін жетілдіріп, ғылыми-техникалық құралдарды және әдістерді қолдану тәсілдерін үйретуді көздейді. Айта өтейік, дәл осындай база Өскемен қаласындағы жедел-криминалистикалық басқармасының базасында да ойдағыдай жұмыс істеп тұр.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...