ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Оқу-әдістемелік семинар

10:14, 20 ақпан 2020

Өскеменде «Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік: құралдар және мүмкіндіктер» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік кеңес өтті. Екі күнге созылған семинарда елдің әр аумағынан 150-ден астам білім инновациялық лицей басшылары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Бүгінде республика бойынша 1000 IT-кабинет болса, солардың жартысынан көбі, яғни 648-і Шығыс Қазақстанда. Заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеу тұрғысында материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстарына ғана емес, мамандар біліктілігіне де ерекше көңіл бөлінуде.

Семинарға келген астаналық мектеп-лицей директоры Зәуре Садықова шығыста заманауи білім беруді жетілдіруге көп көңіл бөлінетініе ерекше тоқталды. Сондай-ақ, өңірлік дарынды балаларға арналған арнаулы мектептерді аралаған ол  IT-технологияның даму барысына қатысты пікірін білдірді. Семейлік оқушы  Санжар Зәкіров көрме жұмысына қатысып, көпшілікті «Жанатын қол» ғылыми жобасымен таныстырды. Өңірлік ғылыми-практикалық орталық өткізген оқу-әдістемелік семинардың мектеп мұғалімдеріне берері мол.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...