ШҰҒЫЛ! Менторлық семинар Толығырақ

Облыстағы бірнеше денсаулық сақтау мекемесі 170 миллион теңгеден қағылды

14:38, 7 тамыз 2019

Науқасқа уақтылы жәрдемдеспеген емханаларға санкция салынатынын көбі білмейді. Сондай және өзге де заңбұзушылықтар үшін облыстағы бірнеше денсаулық сақтау мекемесі 170 млн. теңге қаржыландырудан қағылды. Мұндай шара қолдану қаншалықты тиімді? Ол жағын тілшілер анықтап көрді.Бүгінде аймақ бойынша кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсететін 127 мекеме бар. Оларды Әлеуметтік медициналық қор қаржыландырады. Келісімшартқа сәйкес, қор медициналық көмек сапасы мен көрсетілген қызмет көлемін қадағалайды. 2019 жылдың алғашқы жартысында Қордың ШҚО филиалы  15 000-нан астам олқылықтарды анықтады. Олардың жалпы сомасы 170 млн. теңгені құрады. Мониторинг кезінде белгілі болған заңбұзушылықтардың басым бөлігі – емдік-диагностикалық шаралардағы, дәлелсіз медициналық көмек көрсету және негізсіз госпитальдауға тиесілі.Емханаларды жоспардан тыс тексеру пациенттердің жазбаша арыздары келіп түскен уақытта ғана жүргізіледі. Бақылаудың мұндай тәсілі жақында іске қосылды, нәтижесі жаман емес.Заң бойынша емханалар қағылған қаражат аймақтағы жұмысын тыңғылықты орындап жүрген медициналық мекемелері арасында үлестіріледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар