ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ ТҮРЛЕНЕДІ

17:02, 8 қараша 2018

Соңғы жылдары Өскемен қаласынла жаңа саябақтар ашылып, жолдардың кеңейтілуі, ұзартылуы және оның сапасын арттыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімі Даниал Ахметов облыс орталығының болашағына қатысты әкімдік жоспарларымен бөлісті. Толығырақ тілші материалында. Қазақтың ұлы ақыны, айтыскер Жамбыл Жабаев пен орыс классигі Александр Пушкиннің ескерткіштері, арбат, республика аумағындағы ең ұзақ велосипед жолдары ашылады. Облыс әкімі Даниал Ахметов келер жылы өскемендіктерді қандай жаңашылдықтар күтетінін айтып берді. Айта кетерлігі, келесі жылы автокөліктер ағымының сараптамасы жасалады. Бұған арнайы ұйымдар тартылады. Осылайша келер жылы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдарды пайдалануға беру жоспарланды. Сәтпаев даңғылындағы жұмыстар аяқталатын болса, облыс орталығында республикадағы ең ұзақ велосипед жолы ашылады. Айта кету керек, Өскемен қаласындағы Головков көшесі келесі жылдан бастап жаяу жүргінші көшесіне айналады. Облыс әкімінің айтуынша, бұл ой өскемендіктердің көңілінен шығатындай ұйымдастырылып, таңғы 11-ге дейін көлікке жол ашық болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар