
Өңірімізде эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Осыған байланысты облыс әкімі шұғыл жиын өткізіп, өңір тұрғындарына үндеу жасады. Аймақ басшысы қазіргі уақытта COVID-19 сырқаттанған науқастармен байланыста болған, ауырған азаматтар толық бақылауға алынғанын атап өтті. Бұған дейін кемшіліктерге жол берілгенін, эпидемиологиялық тіркеу жұмыстары лайықты деңгейде жүргізілмегендігін жеткізді. Осылайша тұрғындар өздерінің вирусты симптомсыз тасымалдаушылар екендіктерін білмегендіктен науқастар саны көбейген болатын. Ал бүгінде «бетпе-бет» форматына көшкеннен кейін соңғы 5 күнде қосымша 1079 адамнан жұқпалы дерт анықталған.