Облыс әкімі жұмыс сапарымен Қырғызстан және Тәжікстан республикаларында болып қайтты

16:52, 23 ақпан 2016

Аймақ басшысының көрші елдерге жұмыс сапарымен баруының негізгі мақсаты - ШҚ-ның екі елмен де сауда-экономикалық байланысын нығайту, соның ішінде «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингінің өнімдерін аталған елдердің нарығына шығару мәселесін талқылау болды.

Екі жақ сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылап, дистрибуцияны іске асыру, бөлшектеп сату және Lada автокөлігі сатылған соң аталған мемлекеттер аумағында қызмет көрсету мәселелерін жіті қарастырды. Келіссөздер қорытындысы бойынша «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингінің Тәжікстан нарығына шығуына қажетті нақты ұсыныстар жасау үшін жақын күндері Қырғызстан мен Тәжікстанға жұмыс топтары жіберілетіндігі туралы келісімге келді. Айта кету керек, «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» Еуразиялық одақтың автокөлік нарығына шығу үшін барлық жоспарларды сәтті жүзеге асырған Қазақстандағы алғашқы компания. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...