ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК

14:33, 10 тамыз 2018

«Нөлдік төзімділік» – бұл азаматтардың қандай да бір құқық бұзушылық әрекеттерге оң көзқараспен қарауына бағытталған. Мұнда қоғамдық тәртіпсіздікке, қоқысты бей-берекет орындарға тастау әрекеттеріне мүлдем төзбеу, яғни, азаматтардың ішкі мәдениетін қалыптастыру мәселесі көзделеді. Бұл орайда мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында Өскеменде ішкі істер басқармасы «Нөлдік төзімділік» акциясын өткізді.

Жергілікті полиция қызметкерлері, азаматтардыӊ құқықтық танымын кеӊейту, құқықтық мәдениетін арттыру және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" түсінігін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтуде. Полиция бұл жолы Өскемен вокзалы маңын бақылауға алды. Қалада тәртіп күшейгені бірден байқалды. Бір сағатта жол ережесін бұзған бір ғана адам ұсталды. Жүк көлігінің иесі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Полиция, белдікті не себепті тақпадыңыз деген сұраққа ол «ұмытып кеттім» - деді.

АЛЕКСАНДР ОЙНАС, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Дүкендерге азық-түлік тасимын. Бүгін шаршадым. Тағы да екі дүкен бар. Қауіпсіздік белдігі туралы мүлдем ұмытып кетіппін. Бәлкім қауіпті де шығар. Жағдайға байланысты. Өзімнің кінәмді мойындаймын».

ПАВЕЛ ЕЛИСЕЕВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ІІБ ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

«Бұл азамат көлікті тізгіндей келек, қауіпсіщздік белдігін тақпаған. Оған қатысты әкімшілік кодекстің 593 бабының 2 тармағына сәйкес  хаттама толтырылды. 12 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынды».

«Нөлдік төзімділік» акциясы аясында Өскеменде жыл басынан құқық бұзған 15000 азамат заң алдында жауап берген.

ЕРЛАН ЖАҒЫПБАР, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ІІБ ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ:

«Мына 439 бап бойынша әкімшілік тәжірбие жөніндегі кодексі Қазақстан Республикасы бұл қоғамдық жерді ластау және қоқысты көрінген жерге тастау, былапыт сөйлеу тағы да сондай. Мысалы саябақтар қорлап, немесе адамдарға тиісу сондай іс-әрекет жасаған адамдарға 439 бабы бойынша шара қолданылады».

Өскемен қаласы ішкі істер басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын «нөлдік төзімділік» принципін ұстануға шақырып, құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда «102» телефонына хабарласу керек.

АРНҰР ШӘКЕРХАНОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар