Николай Зайцев – 70 жаста

21:10, 18 мамыр 2017

Облыстық сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафты мұражай-қорығының директоры Николай Зайцев жетпіске толды.

Бүгінде Николай Зайцевтің білімі мен іскерлігін халқы жоғары бағалайды. Иранда өткен конференцияда ҚР СІМ жанындағы ЮНЕСКО ұлттық комиссиясы атынан мәдени сарапшы ретінде сөз сөйледі. Болгария, Ресей, Қырғызстан, Италияда болған ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облыстық  сәулет-этнографиялық табиғи ландшафты мұражай-қорығы құрылғанына 50 жыл толады. Кенді Алтай топырағын басқан адам Николай Зайцев жетекшілік ететін мұражай кешеніне бас сұқпай кетпейді. Өйткені, мұнда көрер көзді қанағаттандыратын небір тарихи жауһарлар бар. Өскеменнің төріндегі мәдени және тарихи ескерткіш ретінде қорғауға алынып, сақталған ескі ғимараттарда  қазақ және орыс этнографиясынан сыр шертетін жәдігерлер көрмелері бар. Мұнда 60 мыңнан астам құнды зат қойылған. Шығыс Қазақстанда тұратын халықтар өмірінен хабардар етеді. Бүгінде мұражай – аймақ айнасы. Бұның барлығы Николай Зайцевтің баға жетпес еңбегі.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар