ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

Нәтижелі жұмыс

18:14, 11 ақпан 2020

ШҚО аймақтық кәсіподақ бірлестігіне мүше 130 мыңнан астам адам бар. Оның негізін 14 облыстық, 4 аймақтық және 3 мүшелік ұйымдар құрайды. Кәсіподақ жұмысы әлеуметтік серіктестік жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл жүйе облыс аумағында нәтижелі жұмыс атқаруда дейді сала қызметкерлері.

Екі жыл бұрын кәсіподақтардың бастамасымен әлеуметтік серіктестік бойынша облыстық әкімдік, аймақтық кәсіподақ бірлестігі және облыстық кәсіпкерлер одағы арасында  үшжақты келісімге қол қойылған. Жұмыс қолға алынғаннан бері бірқатар шаралар атқарылды. Сала мамандарының айтуынша жиі қаралатын мәселелер қатарында жұмысшыларға еңбекақының уақытылы берілмеуі, жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көтеру және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтау талаптары бар.

Кәсіподақ өкілдерінің сөзінше Өскеменде «Шаңырақ» татуластыру орталығы ашылған. Мақсаты аты айтып тұрғандай еңбек барысында және өзге де жағдайда орнаған  кикілжіңдердің шешімін татуластыру арқылы табу. Кәсіподақтардың тағы бір жұмыс бағыты ол еңбек қауіпсіздігі және денсаулыққа зиян келтірмеу шараларын бақылау әрі атсалысу. Көмек алып көңілдері орнағандар денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері дейді сала маманы.

Бұған қоса 2019-2020 оқу жылында медицина мамандығында оқитын жеті студентке атаулы шәкіртақы тағайындалған.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...