ШҰҒЫЛ! Менторлық семинар Толығырақ

Неке ме, бекер ме?

14:38, 11 шілде 2019

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазіргі заманда бұл мақалдан мәнді, сол сәтте қорқынышты сөз жоқ болар. Соңғы жылдары облыста ажырасушылар саны күрт артып кетті. Осыған дейін де жаға ұстатып келген статистика биыл 50 пайыздан 60-қа дейін өсіп отыр. Сайып келгенде, «үйлену кредит, үй болу ипотека» ма? Әлде жанұяларды жан алқымынан алған басқа да себептер бар ма? Толығырақ тілшіміз баяндайды. Өскеменде отбасынан бас тартып, некесін қолдан бұзатындар саны күрт артқан.Қосылғаны кеше емес, бір шаңырақта 20-30 жыл тұрғандар да, талақ айтып, ажырасып кетуде. Жабу астында жатқан проблеманы айтып, дабыл қаққан Өскемен қалалық соты. Отбасы мәселесінің басы-қасында жүрген мамандарды біріктіріп, үндеу салды. Жыл басынан бері облыс орталығында 3900 адам некесін қидырса, ал ажырасқандар саны бір Өскеменнің өзінде 2300 ден асқан. Сот мамандарының айтуынша көрсеткіш жыл өткен сайын артып барады. Себеп әртүрлі, бірі – отбасылық қорлық зомбылыққа шыдамаса, енді бірі - жарының көзіне шөп салу. Енді бірі – туған туыстың сырттан билік жүргізіп, ерлі - зайыптының ажырасуына себеп болатын көрінеді. Мұндай келеңсіздікті АХАЖ бөлімінің мамандары да бақылап отырудан басқа шара жоқ дейді. Роза Қақабаеваның айтуынша, АХАТ бөлімдерін жеке мекеме ретінде бөлсе некесін бұзатындар саны азаяр еді. Өйткені, нақты отбасының беріктігімен жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Өскеменнің тұрғыны Қарлығаш сүйіп қосылған жарымен үш жыл бұрын ажырасқан. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылы отбасын құрғандар саны 12300 болса, некесін бұзғандар саны 5000 болған. 2016 жылы некесін қиғандар саны 10400, ал шаңырағы шайқалғандар саны 4 мыңнан асқан. Бұл көрсеткіш 2019 дың жарты жылымен салыстырғанда тәубә дерлік. Өйткені, биылғы жылы 3900 адам шаңырақ көтеріп, ал ажырасқандар саны 2300 ді яғни 60 пайызды құрап отыр. Өскемен қалалық сотында отбасылық проблемамен күніне 15 шақты жұптың мәселесі қаралады. Татуласып кететіндері саусақпен санарлық. Өскемен қалалық соты жанынан құрылған отбасылық сот көптеген пайдасын тигізуде. Мұнда нақты екі судья қызмет етеді. Мақсат сол шағым айтып келушінің шаңырағын шайқамау. Былтырғы жылы медиация арқылы 700 ден астам адам татуласса, биыл олардың саны екі есеге артқан. Тағы бір сорақылық, мемлекеттің беретін 21 мың теңге әлеуметтік көмекақысына бола некені қасақана бұзуға баратындар саны да артып барады. Бұрын жастар арасында белең алған бұл проблема енді, 40-50 тіпті 60 жасты да алқымдап алған. Жақында ғана Өскемен қалалық сотына шағымданып жүріп 80 жастағы қария жарты ғасыр тұрған жарымен талақ айтысқан. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар