ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

МЫҢ ШАҚЫРЫМДЫҚ ВЕЛОШЕРУ

13:52, 9 қыркүйек 2020

«Мыңмен жалғыз алысқан» һәкім Абайдың 175 жылдығына орай мың шақырымдық сапарға шыққан әуесқой велошабандоздар кеше Алаш қаласына жетті. Олар 7 күнде 800-ге шақырымға жуық жолды еңсерді. Құрамында  оқытушы, журналист, музей қызметкері бар велошеру һәкім Абайдың 175 жылдығына орайластырылған. Негізгі мақсаты ұлы ақынның өнегелі өмірін, бай мұрасы мен шәкірттерінің еңбегін танытып, насихаттауға атсалысу. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты аялауға үндеу, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Семей қаласына табан тіреген әуесқой спортшыларды көп салалы мәдени спорт кешенінде қалалық әкімдік өкілдері қарсы алды. Велошабандоздар сапар барысында жүріп өткен жолдарындағы әр елді мекеннің тарихымен танысып, сол өңірде туған танымал адамдар туралы ақпарат жинаған. Сапарға шыққандардың бірі -ағылшын пәнінің оқытушысы Ернат Мелсұлының айтуынша,  олар ұлылар елінде Абай әлемімен танысып, қазақ және шет тілінде арнайы әдістеме шығаруды жоспарлап отырған көрінеді.  Велошабандоздар қаладағы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Бұдан кейін шаһардағы мәдени орындарды аралады. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан  қаласынан басталған велошеру Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешенінде мәресіне жетпек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар