ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА

17:08, 23 қараша 2020

Адамның көру қабілеті нашарласа, даму мүмкіндігінің де төмендегені. Әрбір мүмкіндігі шектеулі азамат қоғамның толыққанды мүшесі. Соқырлықтың алдын-алу бойынша халықаралық агенттік мәліметінше, шамамен 253 миллион адам көру қабілетінің нашарлауынан зардап шегеді. Олардың 36 миллионы мүлдем көрмейді. Сондықтан да, көру қабілеті төмендеген адамның ахуалын одан сайын нашарлатпау үшін қажырлы еңбек қажет. ШҚО Мәдениет басқармасына қарасты Өскемендегі зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бұл бағытта жақсы жұмыс істеуде. Кітапхана тарихы 1969 жылдан басталады. Алғаш Қазақ зағиптар қоғамының кітаптар қорының негізінде ашылған. Бұл Өскемендегі зағип және көзі нашар көретін азаматтардың денсаулығын оңалту мақсатында жұмыс істейтін жалғыз кітапхана. Кітапхананың оқырман залында баспа өнімдерінің таңдауы мол. Кітап қоры 8484 дана. Олардың 12900 –і мемлекеттік тілде, орыс тіліндегі кітаптар саны – 71932 дана. Мәдени нысан түрлі ұйымдармен байланыс орнатып, көзінде ақауы бар жандарға қолайлы жағдай жасауға Әлемді әбігерге салған індет кітапхана жұмысына да айтарлықтай әсер етті. Ерекше оқырмандармен бұрын-соңды болмаған жаңа жұмыс форматында жұмыс істеуге тура келді. Оқырмандар үйден шықпай-ақ, танымал ақын-жазушылардың шығармашылығынан қызықты әңгімелер мен жаңа кітаптармен танысу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстанның, Өскеменнің киелі жерлеріне виртуалды саяхат жасауды үйренді. Көзі нашар көретіндер мен зағип жандардың отбасында ғана емес, қоғамға қажет екендіктерін сезіндіру мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...