ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

17:57, 16 қазан 2020

Шығыс Қазақстанда 56 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Соның бес жарым мыңнан астамы балалар. 34 бала үкіметтік емес ұйымдардың қамқорлығына қараса, 300-дей бала арнайы мекемелерде тәрбиеленуде. Мүмкіндігі шектеулі деп мүмкіндігін шектеп тастамай толыққанды азамат ету – мемлекеттің басты саясаты. Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі үстірт қаралған. Айнұр Байжігітоваға баласы үшін айына 90 мың теңге көмекақы төленеді. Оның 60 мыңы алатын емінің бір түріне ғана жұмсалады дейді ана. Кейбіреулер денсаулығы дімкәс жандарды көнкөріс көзіне айналдырса, ал біздің мақсатымыз ондай жандарға бақыт сыйлау дейді қоғамдық қор психологы. Облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті протездік және әртүрлі медициналық құрал жабдықтарға 6 миллиард теңге қаражат бөлінген. Мемлекеттің қамқорлығының арқасында «өмір сүруі екіталай» деген балалардың да адам қатарына қосылып кеткендері бар. Десе де, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасына жасалар жағдай көбірек болса дейді мамандар. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы баспана алу үшін ешбір жеңілдетілген несие ала алмайды. Бұл әсіресе, мүгедек бала асырап отырған жалғызбасты аналардың қабырғасын қайыстыруда. Осы орайда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мамандары Астанадағы құзырлы орындарға арнайы ұсыныс хаттарын да жолдаған. Ондағысы балаға төленетін көмекақыны жалғыз басты ананың кіріс көзі ретінде есептеп, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алуға көмектесу. Ал бүгінгі мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ұйымдастырылған шараға қазақ эстрада жұлдыздары арнайы шақыртылған. Ұйымдастырушылардың мақсаты- аналар мен балаларға қуаныш сыйлау.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар