ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК

17:42, 29 шілде 2020

Күнделікті тұтынатын азық-түлік пен тұрмыстық зат алуда қиналып отырған аз қамтылған отбасылар бар. Қазіргі карантин уақытында табысы төмендегендер үшін қиын жағдай туды. «Ақ жол» партиясы депутаттары өңірлерді аралап, игі бастаманы қолға алған. Мәселен,Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылының тумасы,  Қазақстан республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дюсембинов осындай уақытта жерлестерімен бірге екенін айтады.

 «Ақ жол» партиясының өңірлік филиалы көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардың тізімін жасақтаған. Аталған тізім бойынша  өскемендік 20 отбасыға көмек көрсетіледі. Қайырымдылық шара әрі қарай аудандарда жалғасын табады. Айта кету керек, қайырымдылық шара республиканың әр өңірінде қолға алынған.

Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылындағы көмекке зәру отбасыларға  да азық-түлік тауарлары үлестіріледі. Бозанбай ауылында ашылатын провизорлық стационарға керекті заттар алынады. Кәсіптері тұралап, заңды негізде қиындықтарға ұшыраған Күмісбұлақ кентінің кәсіпкерлерімен кездесу өткізу де жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар