Мүгедектер құқығын шектеу көбейді

Облыс орталығының уәкілетті органдары мүгедектер құқының шектелмеуін қадағалайтын болады.

21:41, 8 тамыз 2017   40

Өткен және биылғы жылға сараптама жасай келе, Шығыс Қазақстан прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жандар құқығының жиі бұзылатынын анықтаған.

Жыл сайын облыста мүмкіндігі шектеулі жандар қатары өсіп келеді. ШҚО прокуратурасының қоғам қызығушылығын қорғау басқармасы басшысы Рустам Шідердинов аймақтағы әрбір 23-ші азаматтың мүгедек екендігін айтты. 2016 жылы Үржар, Абай, Бесқарағай, Бородулиха және Күршім аудандарында бірінші топтағы мүгедектер саны бірден өскен. «Мүгедектер құқығын қорғау» туралы заңның 8 бабында мүгедектіктің алдын-алу мәселесі денсаулық сақтау мекемелеріне бекітілген делінген.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24