ШҰҒЫЛ! КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

МӨҢКЕ БАЛЫҒЫ ҚЫРЫЛУДА

13:27, 11 шілде 2018

Бұқтырма су қоймасында мөңке балығының жаппай қырылуына күннің аптап ыстығы себепкер. Бұндай шешімді аймақтағы балық шаруашылығы бөлімінің мамандары шығарды. Естеріңізге сала кетейік, су бетінде қалқып жүрген қырылған балықтар жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырды. Қолқа қапқан иісінен тұрғындар мезі болды. Экологтар мен ветеринарлардан тұратын арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, балықтардан кокцидиоз індеті анықталды. Алайда, «суда еш залал жоқ» дейді мамандар. Суға түсу маусымы жалғаса береді, су қоймасының адам денсаулығына зияны тимейді – дейді балық шаруашылығы мамандары. Балық етін адамдарға жеуге болмайды, тек үй жануарларына қорек ретінде беруге болады. Қазір су қоймаларында балықтардың қырылу көрсеткіші бәсеңдеген. Бүгінде су қоймалары тазартылуда.

ТАЛҒАТ РАХИМЖАНОВ «ШҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ» РММ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

«Күршім ауданының Торайғыр шығанағынан Мөңке балығының сынамалары алынды. Судың сынамалары алынды. Судың сынамасын экологиялық қызметкерлерімен алынып, судың құрамында ешқандай зиянды қасиет болмады. Мөңке балығын облыстық лаборатория тексеру нәтижесінде коксидия ауруы табылды. Уылдырық шашудан кейін біздегі ерекше ыстықтар біріншіден себеп болды».

 

АЙДАНА ДАЙЫРОВА

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар