ШҰҒЫЛ! Менторлық семинар Толығырақ

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?

13:54, 13 қыркүйек 2019

Міндетті әлеуметтік сақтандыру дегеніміз не? Бұл әлеуметтік қоғамның қандай мүшелеріне тиесілі және мұндай көмектен халықтың барлығы хабардар ма? Айдана Дайырованың бейнематериалында. Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер тізбегінен қарапайым халық шатасып бітті. Қандай көмек кімге тиесілі, оны қалай алады, не үшін беріледі.  Ал тиесілі әлеуметтік көмектен қағылып жатқаны қаншама. 2005 жылдан бері заңды түрде белгіленген міндетті әлеуметтік сақтандыру деп аталатын халықты әлеуметтік қорғайтын қор бар. Қор демекші, міндетті әлеуметтік көмекті тағайындайтын мүйізі қарағайдай акционерлік қоғамның білдей бір филиалы жұмыс істейді шығыста. Бүгін осы саланың мамандары өздері туралы тағы бір мәрте ақпарат таратты. Мақсат сол – қарапайым халық өз құқығын жақсы біліп, өзіне тиесілі көмектен қағылмаса дейді. Міндетті әлеуметтік көмекті мүмкіндігі шектеулі жандарға, асыраушысынан айырлғандарға, бала күтіміне байланысты, жаңа туылған баланы асырап алғандар және бір жасқа толғанға дейін бала күтімімен отырғандар, сондай ақ, жұмысынан айрылғандар  алады. Алайда қоғамның кейбір мүшесі бұдан хабарсыз. 2019 жылдың алты айында мемлекеттік сақтандыру қорының облыстық филиалы тарапынан 17000 шығысқазақстандыққа әлеуметтік көмек тағайындалып, 30 мың тұрғынға 7 миллиардт теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленген. Жұмыссыз қалған адам екі қолға бір күрек тапқанша, яғни алты айға дейін, ал асыраушысыз қалған бала жасы 23-ке толғанша бұл көмекті алуға мүмкіндігі бар. Төленер көмектің заңды тармағы көп, тек ақпаратпен танысу керек. Жұмысыңыздан қол үзген жағдайда еңбекпен қамту немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, өтініш жазасыз немесе Өскеменнің қақ ортасындағы Крылова көшесі 30 мекен жайында орналасқан мамлекеттік сақтандыру қорының облыстық филиалына барып көмекке жүгінсеңіз болады. Аталған саланың сенім телефон номері 293-242

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар