ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

«МӘЖНҮН» ЛИРИКАЛЫҚ ДРАМАСЫ

18:19, 17 қазан 2018

Облыстық жастар театры жаңа маусымын «Мәжнүн» лирикалық драмасымен ашты. Жаңа қойылымды көруге есімі әйгілі ақын, композитор, драматург Исраил Сапарбай келді. Исраил Сапарбай - Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері. 70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы», «Махаббат мейрамы» пьесалары театр сахнасында қойылып жүр. «Мәжнүн» драмасы соңғы кезде жазылды. Толығырақ тілші сюжетінде. «Мәжнүн» лирикалық драмасы патриоттық рухта жазылған. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде зардап шеккен, тағдыр тәлкегіне ұшыраған Ғазиз бен Сағыныш есімді екі кейіпкердің бір-біріне деген махаббаты, ілтипаты төңірегінде өрбиді. Жаманға кеткен есе мен арсызға кеткен әділдік үшін күрес жолы дәстүрлі театр маусымын ашқан жаңа қойылымның басты арқауы болды. «Желтоқсан көтерілісі туралы Қазақстанда әлі күнге толыққанды көркем әдеби шығарма жоқ. Ал, қазақ театрлары сахнасында Желтоқсан оқиғасын өзек еткен қойылымдар саусақпен санарлық. Әдебиеттің бір жанры болып табылатын драматургияда бұл тақырыпта жазылған пьеса жоқтың қасы» дейді әдебиетшілер. Сондықтан болар «Мәжнүн» лирикалық драмасы арқылы көрерменін селт еткізбекке ұмтылған ақын, драматург Исраил Сапарбай жаңа қойылымның қалай сахналанғанын көрді.Патриоттық рухты дәріптейтін қойылым сана жаңғыртады. Сонысымен қызықты әрі тартымды болды. Негізінде, «Мәжнүннің» сахналануы өткен маусымның соңын ала басталған еді. Енді сол дүние биылғы жаңа маусымның шымылдығын түрді. Көрермен қауым сәтті шықты, көкейде қалатындай ой тастады дейді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар