ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ

20:30, 7 маусым 2019

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды. Тiлдiң ұқсастығы, тiрлiк жақындығы, қанның жақындығы бар өзбек ағайынмен достық қатынас жоғары деңгейде. Қазір барлық салада келісімдер бар, шешілмеген мәселе жоқ. Парламентаралық байланыс та беки түспек. Ташкенттен  әріптесім Индира Бегайдар рет ретімен."Өзбек өз ағам" деген сөз бар. Бұл ел халықаралық салада Қазақстанға иек артып, арқа сүйеуге дайын.Ал, бұл елдің қазіргі көшбасшысы Шавхат Мирзиеев "Түркі жұртының ақсақалы" атанған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жиірек кездесіп, ақылын тыңдап тұруға дайынбыз дегені тағы бар. Былтыр Қазақстандағы Өзбекстан жылы болса, ал биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы.Өзбекстан Қазақстанның стратегиялық серіктесі және одақтасы. Нұрлан Нығматулин Өзбекстан Олий Мажлисі заң шығару палатасының  спикері Нурдинжон Исмаиловпен ынтымақтастықты бекіте түсу жолдарын талқылап,  парламенттік әріптестікті жандандыру қажеттігін айтты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің арасындағы достықты нығайтуға баға жетпес үлес қосты,  екі елдің барлық салада әріптестігі жоғары деңгейде, өзара сенім күшейіп, серіктестік қарқынды дамып жатыр. Енді оны бұл деңгейде ұстап тұру маңызды. Сонымен қатар, Мәжіліс спикері Олий Мажлис Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевпен кездесті. Тату көршілік пен берік достықтың негізінде қарым қатынастың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.Қазақ-өзбек қос бауыр, бір тамырдан нәр алған. Қазіргі таңда мұнда 1 миллионнан астам этникалық қазақ тұрады. Екі елде де өзара достықтың көпірі берік.Өткен жылы екі елдің тауар айналымы 50 пайызға артып,  3 млрд. долларға жетті. 2020 жылға  қарай бұл көрсеткішті 5 млрд. долларға жету жоспарланып отыр, бұл орайда парламентаралық әріптестіктің маңызы зор. 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар