ШҰҒЫЛ! МҰНАЙ ЭКСПОРТЫ АРТАДЫ Толығырақ

МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

15:13, 10 қазан 2018

Бүгін ШҚО маслихатының кезекті сессиясы өтті. Депутаттар мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке қатысты сұрақтарды талқылап, экономиканы дамытудың тетіктерін қарастырды. Сонымен қатар, аймақта өндірілетін көмірдің сапасынана байланысты туындаған бірқатар мәселелерді қарастырды.

Шығыс Қазақстан еліміз бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қолға алынған жобаларды жүзеге асыруда өзгелерден көш ілгері. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдерін қолдану мемлекет үшін де, бизнесті дамыту үшін де тиімді. Жеке меншік сектор жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге қол жеткізу арқылы ірі жобаларға қатысады. Табысты молайтудың жаңа жолдары ашылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «100 нақты қадам» бес институциалдық бастамасында жеке меншік медицина саласын дамыту,  қызмет көрсету сапасын бәсекелестік арқылы дамыту қажет екендігін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізуде осындай тәсіл жеке меншік ауруханалардың деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауа-райының сууына байланысты өзімізде өндірілетін қара отынның сапасы жайындаы мәселе өткір талқылануда. Соңғы уақытта аймақ тұрғындары тарапынан көмірге қатысты көптеген шағымдар түскен.

Сессия барысында қарастырылған барлық мәселелер қатаң бақылауға алынады. Мәслихаттың кезекті мәжілісінде депутаттар мен ведомство басшылары осы бағытта атқарылған жұмыс туралы есеп береді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
13:38, 22 ақпан 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
Толығырақ...
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДЕГІ КЕЗЕҢДІК МӘСЕЛЕЛЕР
13:37, 22 ақпан 2019
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДЕГІ КЕЗЕҢДІК МӘСЕЛЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
13:25, 18 ақпан 2019
15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
Толығырақ...