ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Менторлық семинар

14:15, 14 қараша 2019

Шығысқазақстандық гинеколог дәрігерлерге Астанадан келген мамандар шеберлік сыныптарын өткізуде. Мамандардың айтуынша бұл тәжірибе алмасудың қазіргі қоғам үшін берер маңызы зор. Өйткені, әйел адамдарда жиі кездесетін бұл сырқат соңғы кезде тым белең алым барады. Урологиялық сырқаттар әйелдер арасында тым белең алған. Салдары сол – бұл дерт адам өміріне аса зиян келтіреді. Зәр шығару жолдарында болатын мұндай дерттен әйел адамдар дер кезінде ем ала қоймайды. Дәрігерлердің айтуынша мұндай ауруы барын айтып, маманның алдына нәзік жандылар келе қоймайды. Себеп сол – ұялтатындығы және өз денсаулығына немқұрайды қарауы дейді. Көбіне қырық жас шамасындағы әйелдерде көптеп кездеседі. Шемонаиха ауданының тұрғыны Ираида Капорина осындай дертке шалдыққандардың бірі. Көптеген жылдар маман көмегіне жүгінбей, салғырттық танытқанын айтады. Денсаулығын жақсартып,  емделудің тиімді жол барын естіп, ауданнан қалаға келіп, облыстық аурухана жүгінеді. Ғалымжан Тоқтарбеков – жоғарғы санатты дәрігер. Әйелдердің зәр шығару мүшесінде кездесетін эндометриоз, миома және басқа да аурулар соңғы кезде көптеп белең алуда дейді ол. Айта кету керек, астаналық жоғарғы санатты дәрігер Өскеменге осымен бірнеше рет келіп, шеберлік сыныптарын өткізген.Менторлық семинар барысында 9 адамға ота жасалды. Ал ем алушы әйелдер денсаулықтарының бірден жақсарғанын айтып, алғыстарын білдіруде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар