ШҰҒЫЛ! Салыққа салғырт қарамаңыз Толығырақ

Менің әлемім

13:30, 24 мамыр 2019

Туған жердің табиғаты, ауыл өмірінің бір күндік тыныс-тіршілігі, балалық шаққа сағынышын қылқалам шебері майлы бояу мен түстердің үйлесімі арқылы бір арнаға тоғыстырған. ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Гүлнәр Бекбердинованың өзіндік әлеміндегі төл туындылары облыстық өнер музейіндегі жеке көрмесіне қойылды. Өнер иесінің жеке көрмесіндегі «Туған жер» тақырыбындағы мына бір картина тарихы тереңде. Суретші ретінде пісіп, жетіліп, қолына диплом алған Гүлнәр Бекбердинованың алғашқы туындысы. Оны салуға 5 жыл уақыт кеткен.  Сол үш сурет «Менің әлемім» көрмесінде ілулі тұр. Сонау 19 ғасырдағы Семей жері. Қазақ зиялыларының өмірі.  Абайдың балаларына білім беруге деген ықыласын суретші бір ғана көрініс арқылы үлкен ойды шебер жеткізе білген. Көрмедегі картиналар қылқалам шеберінің соңғы 5-6 жылдағы еңбегі. Жазушы Оралхан Бөкей шығармаларының желісімен салынған картиналар да бар. Өзіндік бояуы, тақырыпты ашу мәнері бар өнер иесінің көрмесі көрермен көкейінде көпке сақталады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар