ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Мәңгілік ана бейнесі

14:19, 11 қараша 2019

Мәңгілік ана бейнесі. «Ана туралы аңыз», «Тақиялы періште» фильмдері арқылы көпшілікке танымал болған Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, театр және кино актрисасы  Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл. Өнер саңлағының мерейтойына орай,  облыстық Өнер музейінде «Мәңгілік ана бейнесі» тақырыбында шығармашылық кеш өтті. Кешке зиялы қауым өкілдері, жергілікті шығармашылық ұжымдар мен студенттер қатысты. Алғашқы қазақ киносының қарлығашы киелі сахнада 150-ден астам рөлді шеберлікпен сомдап, 20-дан астам киноға түскен. Іс-шара барысында актриса өмірінен деректер келтіріліп, шығармашылығы туралы айтылды. Облыстағы «Шабыт» жастар театры  «Тақиялы періште» киносынан  үзінді қойып,  Әмина апаның образын ашуға тырысты. Әмина Өмірзақова кәсіби шеберлігінің арқасында миллиондаған көрермен жүрегін жаулады. Ол басты рөлді сомдаған туындылар әлі күнге дейін халықтың ыстық ықыласына бөленуде. Қаншама уақыт өтсе де, өз құндылығын жоғалтпады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар