ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН

17:00, 8 қараша 2018

Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамасымен «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акция басталды. Осыған орай Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орны және колледж студенттерімен бейресми форматта кездесу өтті. «Қазақшаңыз қалай?» кешенді іс-шаралар аясында екіжақты диалог құрылып, қазақ, орыс тілдеріндегі тілдескіштер таратылды. Акцияның мақсаты – қоғамда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, әсіресе жастар арасында заманауи түрдегі қазақша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж студенттері іс-шараға белсенділік танытып, тілдік мәдениетке қатысты өмірлік ұстанымдары туралы айтты. Іс-шара ары қарай Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 9-шы оқу ғимаратында жалғасын тапты. Студенттер мен оқытушылар қызығушылық танытып, азаматтық позицияларын көрсетті. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін білудегі жетістіктерін үлгі ретінде насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара облыс аумағында ары қарай жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар