ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

«Мен-донормын!» акциясы

13:30, 15 мамыр 2019

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері «Мен-донормын» акциясына қатысты. Бұл – хәл үстінде жатқан талай азаматқа өмір сыйлайтын, өлімнен арашалайтын, яғни,  қан және қан компоненттері қажет науқастарға көмектесуді мақсат тұтқан акция.ОВ 156/2 мекемесі бастығының орынбасары Әділ Айтықов бұл игі шараның қажеттілігін бұрынғы жұмысындағы әріптесіне көмектесуден бастағанын айтады. Осыған дейін полиция қызметінде жұмыс істеген азамат қан тапсырудің ең игі шара екенін түсінген.Жалпы «Мен - донормын» акциясына 80-ге жуық адам қатысуға ниет білдіріп отыр. Бүкіл әлем бойынша қан тапсыру қайырымдылықтың ең ұлы, игілікті жолы. Қанның ерекшелігіне қарамастан оны тапсыру кез-келген сәтте мұқтаж жандардың өмірін алып қалуға мүмкіндік.Қан орталығы мамандарының айтуынша, облыста қан тапсыруға ниет білдірген мекемелерде кем дегенде, отыз адам донор болады. Бұл тұрақты жайт, әрбір адам 450 мг қан тапсырып, қан қажеттілігін қамтамасыз етеді.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл
17:38, 14 тамыз 2019
Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл...
Толығырақ...