ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

13:33, 12 наурыз 2019

Астаналық дәрігерлер Шығыс Қазақстандағы сапарын әріптестікті бекітумен тәмәмдады. Елдің жетекші медициналық орталықтары облыстың бірқатар клиникаларымен екіжақты меморандумға қол қойып, одан әрі байланысты нығайтуға уағдаласты. Келісім кардио және нейрохирургия, сонымен қатар, травматология, ортопедия сияқты басты бағыттарды біріктіреді. Дәрігерлердің айтуынша, он жылда Шығыс Қазақстанның медицинасы қарыштап қадам басып, алға жылжыған. Осыдан екі жыл бұрын, 7 балдық шкала бойынша облыс дәрігерлері 4-і деңгейлі оталарды жасаса, бұл күндері алтыншы-жетінші деңгейдегі ауыр операцияларды жасайтын жағдайға жетті. Астаналық клиникалар JCI аккредиттеуінен өткен. Сондықтан облыс ауруханалары жаңа деңгейге шығуы үшін астаналық дәрігерлер шетелдік дәрігерлермен бірге алғашқы кезде ұйымдастырушылық және басқа да көмек көрсетуге әзір. Болашақта ана мен бала, онкология салаларында да әріптестік орнату көзделген.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар