ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Мемлекеттік тіл – өз тілім

13:30, 14 маусым 2019

ҚР Ұлттық ұланы 5518 әскери бөлімінде «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» тақырыбында байқау өтті. Үміткерлер өздерін қазақ тілінде таныстырып, еліміздің тарихи тұлғаларының образын сомдап, шығармаларынан үзінді оқыды.  Толығырақ тілші материалында.  Әскери бөлім қызметкерлері арасында өткен байқаудың басты шарты - өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде өнер көрсетуі. Адам қатынасының басты құралы бойынша өткен сайысқа атпалдай жеті азамат қатысты. Тепсе темір үзетін жастар «теп-тегіс, жұмыр келген айналасы» деп Абай атамыз айтқан қазақ тілінің байлығына бас сұқты.  Шараның басты мақсаты - әскери қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау. Жастар тек тілді біліп қоймай, қазақ өнері мен мәдениетіне тереңнен бойлай алуы керек. 5518 әскери бөлімінде  2017 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Көкпекті ауданының тумасы Василий үш кезеңнен де мүдірмей өтіп, жеңімпаз атанды.Бұл байқаудың жалғасы әлі алда. Жеңімпаз қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар