ШҰҒЫЛ! Қауіпті ойыншықтар Толығырақ

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі

13:30, 15 мамыр 2019

Өскеменде облыстық қадағалаушы орган қызметкерлері «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі» байқауында бақ сынады.  Байқауға қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінен жасақталған 5 команда қатысты. Тақырыпты тілші тарқатады. Бұл күні заң талаптарының орындалуын қадағалайтын прокуратура қызметкерлері жұмыс формасын қазақтың ұлттық киімдеріне алмастырды.  «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі» байқауында әр команда өздерін таныстырып, ұлттық салт-дәстүр түрлерінен үзінді көрсетті. Мұндай байқау қызметкерлердің ой-танымын кеңейтіп, өздерін басқа қырынан танытуға мүмкіндік береді. Команда мүшелерінің дайындығы жақсы.Жиналғандар әріптестерінің мың бұрала билеген билерін тамашалап, әсем  әндерін тыңдады.Байқауға қатысушыларды  прокуратура саласына қатысы жоқ қазылар алқасы   бағалады. Қорытынды есеп бойынша Риддер қаласы, Глубокое ауданы прокуратура қызметкерлерінің құрама командасы өзгелер басым түсіп, жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға естелік ретінде облыс прокурорының қолы  қойылған кітап пен алғыс хаттар табысталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар