ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Мемлекеттік рәміздер күнгі мереке

13:30, 6 маусым 2019

Бұдан бұрын хабарланғанындай, мемлекеттік рәміздер күні Өскеменде ерекше ұлықталды. Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеп, мақтан етуге тиісті  ресми рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранның төл мерекесі күні 600-ге жуық Ұлттық ұлан сарбаздары салтанатты шеруде сап түзеді. Елінің қалқаны саналатын бұл сарбаздар үшін мемлекет рәміздерін қорғау аса маңызға ие. Қорғап, құрметтеу – ортақ парызы. Кейінгі ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу үшін де осындай шаралардың қажеттілігі сөзсіз. Сондықтан, рәміздер күнінде ҚР-ның Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері шараға белсене қатысты.Мерекеге 600-ге жуық әскери қызметкерлер қатысты. Бұл тек бір ғана бөлімдегі шара көрінісі. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының өзге де бөлімдерінде салтанатты шаралар легі жалғасты.Иә, жауынгерлер алдағы уақытта да осынау қастерлі борышты бұлжытпай орындауға ант берген.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар