ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

12:53, 27 қазан 2020

Семейліктер көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен техникалық  куәлікке үйден тапсырыс бере алады. EGov.kz порталында аталмыш қызметті рәсімдеуге мүмкіндік беретін функциясы пайда болды. Ол үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайды көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті. Осыдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» қызметкері мемлекеттік нөмір мен куәлікті үйге жеткізіп береді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық форматы халық арасында күннен күнге танымал болуда. Көптеген автокөлік жүргізушілері көлік құралдарын онлайн тіркеу қызметінің ыңғайлылығын бағалап үлгерді. Бұл үрдісті автоматтандыру және цифрландыру азаматтарға уақытты үнемдеуге, автокөлік алып-сатуға  байланысты қызметтердің толық спектрін алуға мүмкіндік береді. Егер бұған дейін тиісті қызметті алу үшін мамандандырылған орталыққа бірнеше рет бару қажет болса, биыл eGov.kz порталы тұрғындарға үйлерінен шықпай-ақ мемлекеттік нөмір мен автокөліктің тіркеу куәлігін  тапсырыс арқылы үйден алуға мүмкіндік жасады.

Азаматтардың деректер базасында тіркелген қызмет алушы өтінішті растап, электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе SMS арқылы  бір реттік құпия сөзді алып енгізеді. Осылайша, қызметке ақы төлегеннен кейін, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жеткізіп беруші маманы тиісті мекенжайға шығады. Аталмыш сервис ыңғайлы екені күмән тудырмайды. Бұл, әсіресе, адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуда өте маңызды, - дейді қызмет алушылар. Қызмет жеке тұлғалар үшін қол жетімді. Тапсырыс бір жұмыс күнінде орындалады.  Мамандандырылған орталық қызметкерлерінің айтуынша, электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің кеңеюі азаматтардың қажеттілік болмаса адам шоғыры көп орындарға бармауға, уақытты тиімді пайдалануға, сол арқылы тұрғындар арасында ковид-19 инфекциясын жұқтыру ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік берді.

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...